НЕМЕРЕ

lat: NEMERE

з а т. э т н. Ата-ананың ұлынан туған баласы; атадан санағандағы үшінші ұрпақ .

Арғынның тоқалынан

Бозша деген Момындық,

әділдікпен ел билеген.

Жәнібек жалғыз ұлы жастау өліп,

Артында үш ұл қалды немереден .Құдайбердиев, Шығ.).

Абылай ханның он жеті қатыны, отыз ұлы болған. Солардың ішінде «Абылайлап» жауға шапқаны қалмақтың ханы Қалдан Цереннен тартуға келген Топыш ханымнан туған Қасым төренің балалары кешегі даңқты Кенесары хан мен ер Наурызбай. Бұлардан басқа хан қаны қайнап, өз еркіменен басқаларға қолдан тізгін бермеске қарысқан Абылайдың немересі Абайділда сұлтан Уәлихан ұғлы.Дулатов, Шығ.).

Айғаным әже Шыңғыстан туған ең үлкен немересі Шоқанның зеректігін, алғырлығын, байқампаздығын сезіп, болашағынан үлкен үміт күтіпті («Қазақст. әйелдер.»).

Адал жарың бірге соққан жүрегің.

Жақсы ұлың жер бетінде тірегің.

Жақсы қызың мәңгі сөнбес шырағың,

Немерелер кеш көркейтер легің.Салықов, Жезкиік).

Жан жабықса, көңіл хошы келе ме,

Шынымен-ақ, қамқор шырақ сене ме...

Әжем жатқан бөлме қайда дегендей,

Солай қарай еңбектейді немере.Молдағалиев, Шақырады.).

// Аталас, атасы бір, бір атаның баласының ұрпақтары болып келетін.

Шағы еді, бірі бастық ел ағасы,

Сол кезде бірі ауылнай ең алғашқы,

Әкеммен немере еді екеуі де,

Еңбекпен жүрген жерде беделі асты (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Еспембеттің шешесі Ер Қосайға немере.

Қиық жоқ қыздан туғанда Оны бөтен көре ме (Дулат Бабатайұлы, Замана.).