НЕМЕРЕЛI

lat: NEMERELI

с ы н. Немере көрген, немересі туған. 

Немерелі болған Шакен қуанышында шек болмай, той қамына ерте кіріскен болатын (Е.Мырзахметов, Медет).

Қайнаға, сүйінші, сүйінші? Немерелі болдыңыз, ұл, ұл! деп оның алдынан ентіге шықты (Д.Исабеков, Қара шаңырақ).