НЕСИЕ

lat: NESIE

[ар. نسيه ] з а т. 1. Кейінірек қайтару келісімімен ауысатын ақшалай-заттай алыс- беріс;

борыш, қарыз Атасы бай адам болмаса да, Ғали инабатты жігіт болып, һәрдайым алыс-беріс істерінде уағдасында опашыл болғандығы көрінгенге, байлар шамалап несие беруден тартынбаушы еді (М.Дулатов, Шығ.). Тамақ сол шайханадан. «Күндегісін жазып тұрыңыз, ақшаңыз келгесін есептесеміз», деп Құрманбет несиеге берді (ЕіӨмірзақов, Ұстаз).

2. э к о н. Бір тұлғаның екінші тұлғаға қарыз түрінде ақша немесе тауар-материалдық құндылықтар беруі жөніндегі мәміле.

Несие белгілі бір мерзімде сондай нысанда пайыз төлей отырып немесе өзара көмек тәртібімен пайызсыз қайтару шартымен беріледіазі тілі термин. Экономика.). Комиссия мүшелері тарапынан мемлекет қаражатымен несиеге үй алып жатқандардың арасында мұғалімдер мен дәрігерлер үлесінің әлі де аз екендігі, осы мәселені шешу қажеттігі айтылды («Егемен Қазақстан»).Тұрмыстық қызмет орындарына арнайы үйлер бөлінді, мемлекет тарапынан жаңа объектілердің құрылыстарына несиеге қаржы берілді (Ж.Бодауов, Малшы.). Үстіміздегі жылдың алты айында облыстағы банк филиалдары заңды және жеке тұлғаларға 29,7 млрді теңгенің несиесін берген, өткен жылға қарағанда өсім 22,6 пайыз (“Егемен Қазақстан”).

3. а у ы с. Қайтарылуға тиіс, қайтарымы болатын іс, сұрауы бар жақсылық, өтемі болатын бақытты шақ.

Тірлік кейде мырза тым, ұсынады ол саған несиеге бір затын (С.Оразаев, Дала.). Ол күндері несіне Жазығырасың, жарқыным! Бүгіннің бәрі несие, Өтейтін жоқ алтыным (ҒіҚайырбеков, Көнсадақ).