НЫҚ

lat: NYQ

с ы н. 1. Бекем, орнықты, берік.

Жағасынан жауының Жатқандай-ақ нық ұстап. Батырады шеңгелін Қалың қарды уыстап (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). Винтовкаңды нық ұста, жолдас жауынгер, жауды аямай шап! (Ә.Тәкенов, Қазақст.). Және оның жүрегіне нық бекіген хақиғи жолдың беті ездікпен толқымайды (Абай, Тол. жин.). Көшуде туған нәресте, Қалды ғой есте әр нәсте Салмағын елдің көтеріп Демікпей алға кетер нық, Ширығып белге жетер нық (Қабан жырау, Алтын қазық).

2. Анық, айқын.

Кездемеге, былғарыға, қант, шайға, ұнға нық баға кесiлдi. Бұл кескен баға осы күнгi лаукешi, саудагерлердiң сататын бағасынан екi-үш есе арзан (Ж.Аймауытов, Шығ.).