АР

lat: AR

(ар. ар عار)   

1. Ұят, масқара. Ары азу ұяттан безу.

Қыдырып қыз күнбе-күн күн өткізбей, Патшаның ары азып , азар шекті («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық). Арсыз ұятсыз . Иә, Хатымтай, ол арсыз шайхы кәззап , Ол шайхы алады екен жаннан безіп («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық). 2. Ауысп . Намыс.

Бәрі де бір ағла қожа болып, Оларды көрген сайын кетті арым («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).

Байлық пен сән-салтанат, даражаға , Ешкімге кеткен емес арың , дейді («Жүсіп Ахмет хикаясы» (Базар жырау нұсқасы). Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).