ОЙЛАУ

lat: OILAÝ

с ы н. Ойыстау, шұңқырлау, төмендеу.

Алаңның орта шенінде, бұзылған қорғанның орнындағы ойлау жерде бір түп алма ағашы тұр екен (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Бірнеше аунап барып, бір ойлау жерге тап келді (Н.Баяндин, Құм асты.). Арба ойлау жерден орғытып өтіп, қырлау жерден секіртіп өтті (А.Жағанова, Еркежан).