ОЙЫНШЫҚ

lat: OIYNSHYQ

з а т. 1. Ойнау үшін балаларға арналып жасалған әртүрлі, қызықтыратын заттар.

Мысалы, баланың қолындағы ойыншығын ойнап қана алсаң да, ол қатты ашуланады (М.Жұмабаев, Шығ.). Оң қалтасынан кішкене ойыншық машина алды да, дөңгелегін зыр қақтырып, өзінен-өзі әлденеге мырс етті (И.Жақанов, Қайта орал.). Үйдегі кереуетті, столды не баланың ойыншықтарын терезенің алдына қою дұрыс емес (Б.Хабижанов, Бала.).

2. а у ы с. Түкке тұрмайтын, болмашы, оңай.

Қаратаудағы өзендер бұл жақтағы өзендердің қасында ойыншық (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). Бұл ойын Битабарға ойыншық секілді болып көрінді (С.Шаймерденов, Жыл құсы).