ОЙЫНШЫҚТАЙ

lat: OIYNSHYQTAI

с ы н. Кіп-кішкентай, қуыршақтай, сүп-сүйкімді.

Ендеше біз жаңа мартен жанында баланың ойыншығындай болып қалдық (Ш.Мұртазаев, Интернат.). Өзі кіп-кішкене, қуыршақ ойыншықтай, қолындағы сумкасы жер соғады (З.Ақышев, Достар.). Өзі сондай сүйкімді, Ойыншықтай мендегі. Келтіреді күлкіңді, Мамасын кеп емгені (Е.Елубаев, Көкпар).