ОҚЫРМАН

lat: OQYRMAN

з а т. Әдебиет оқитын қауым, жұртшылық; оқушы.

Оқырмандар ұстазын асыра мақтап жіберіпті деп ойламасын, ақындық алдымен мида, одан кейін ойда, жүректе (Б.Момышұлы, Шығ.). Оны автор ретінде емес, жай қатардағы оқырманның көзқарасымен қарап, оқып шығамын (Ә.Нұршайықов, Ақиқат.). Кейіптеу арқылы ақын «түнге» жан бітеді. Өлеңнің әсері сонша: сондағы «қатты аязды», «соққан желді» сездіре отырып, оқырманды «қара түнге» орайды («Қаз. әдеб.»).