ОҚЫТУШЫ

lat: OQYTÝSHY

з а т. 1. п е д. Жоғары оқу орындарында сабақ, дәріс, семинар, лаборатория жұмыстарын басқаратын оқу пәнінің маманы.

Жоғары оқу орындарында педагогикалық жұмысты аға оқытушы және оқытушы, арнаулы орта оқу орындарында оқытушы, жалпы білім беретін мектептерде мұғалім жүргізеді (ҚСЭ).

2. Мұғалім, мектептегі ұстаз.

Оқу ауыр да болса, оқытушы мен оқушылар күлісіп, желпінісіп алады (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Мен әскерде де, соғысқа дейін оқытушы кезімде де қаншама қисық, түсінбейді деген баланы, солдатты да тезге салып түзеттім (Ғ.Сланов, Шалқар). Сауықтан кейін тыным алмастан еңбекке аттанған адамдардан көз ала алмай, таң самалына кеудесін тосқан бойы жас оқытушы ұзақ қарап тұр (М.Иманжанов, Адам.).