ОҚЫТУШЫЛЫҚ

lat: OQYTÝSHYLYQ

з а т. 1. Оқытушыға тән қасиет, мұғалімдік, ұстаздық.

Кәрімнің оқытушылық, ұйымдастырушылық қабілеті қалыптасып, шеберлігі шыңдала түскен уақытта 1937 жылдың ауыр уақиғасы келіп жетті (С.Мәуленов, Шыңда.).

2. Оқытушы болушылық, мұғалімдік жол.

Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ (ҚР Конституциясы). Ыбырай саналы өмірін оқытушылық, ағартушылық жолына жұмсады (М.Ақынжанов, Қаз. ағартушы.).