Жаны

lat: Jany

үстеу. Қасы, маңы.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп (Абай, Тол. жин.).

Кесек тұлғалы қара торы жігіт рассчет адамдарын өз жанына шақырды (Ә.Сәрсенбаев, Майдан). Азғана киімін жиыстырып алды да, қазан жанында бір түрлі қимастықпен көздері жаудырап тұрған балаларға бұрылды (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Нұрыңа күллі ғалам шомылғандай, Жаныңа жан жанаспай қорынғандай. Жұлдызды жылы кеште айрылысып, Айтып кет, жүріп кеткен жолың қандай? (М.Дулатов, Шығ.). Жаныма жүгіріп ентігіп келіп: Әжем бүгін науқастанып қалып, бұзау кетіп қалған екен, соны зорға тауып әкелдім, деді (Б.Майлин, Шығ.).