Жанында

lat: Janynda

үстеу. Қатар қойып қарағанда, салыстырғанда.

Рас, оның бірлі-жарым балғын әні төбе көрсетіп қалады. Әйткенмен, өзге әндердің жанында ол теңізге тамшы түскендей елеусіз қалып қояды («Лен. жас»). Қара тастың жанында біз піл мен үш жасар баладай екенбіз ғой өзі (З.Шашкин, Сенім).