КЕРІК

lat: KERİK

(пар. керк كرك) дала жануары.

“Мұны мініп, иә, батыр, ұрысыңыз” деп, Және бір керік келтірді онан мықты («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

Аузы-мұрны қан болып, тұра келді, Уа және бір керікке мініп алды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Астына мінген керігі, Шыға келді ойнақтап («Алпамыс батыр». Ақсауыт. І-том. 1977).