Жаңалық

lat: Jańalyq

зат есім. 1. Жаңа хабар, жаңа ақпар.

Жақан қайда кеткен? Ә, мұнда тұр екенсің ғойЖаңалығыңды сен айтшы алдымен (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).

2. ауыспалы мағына. Тосын, өзгеше оқиға.

Мен бақыттың не екенін жаңа ұқтым, Өз өмірім өзіме жаңалық тым (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес). 3. Ерекше оқиға. Делидегі кезіктірген жаңалығымыз жазушылар тіршілігімен байланысты елеулі бір оқиға еді (М.Әуезов, Индия очерк.). 4. Өзгеріс, жаңа қарқын, жаңа әдіс, т.б. Ілияс Жансүгірұлы да түр жағынан қазақ әдебиетіне бірнеше жаңалық кіргізді. Ол аллитерацияны қолдануы (С.Мұқанов, Есею жыл.). 5. Ғылым мен техникадағы жаңа табыс, бастама. Бексұлтанмен бәрбір істесе алмайтын болдым. Өнерден тапқан жаңалықтарын іске асыруға келгенде бір қырсау (Ғ.Сланов, Шалқар). Евклидтің арабшадан аударылған «Негіздері» орта ғасырлардағы европалықтар үшін ғылымдағы ірі жаңалық болды (О.Жәутіков, Математика.). Норманы асыра орындап, алға шығу аз, ойыңмен, біліміңмен, тапқан жаңалығыңмен көзге түс (К.Смайылов, Маманд. бәрі жақсы). Мейлі сен ғалым болшы апанымда, Жұлдызын жаңалықтың жандыратын (А.Шамкенов, Сырларым).