Жаңбыр

lat: Jańbyr

зат есім. Бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары.

Мысқазған кені жаңбырдан кейін айдалада дөңгелене біткен қатқақ судай әр жерде ойдым-ойдым болып жатады (I.Есенберлин, Алтын құс). Ұзақ күнге аспан әлемін тұнжыр күздің жылауық бұлты қоршап, жаңбыр бүркіп тұрды да, кеш түсе алақаншықтап қар жауып кетті (С.Шаймерденов, Мінез). Күн күркіреп, найзағай жарқылдап, жаз белгісін түгел елестетіп, бірінші жаңбыр себелеп жауа бастады (Б.Майлин, Шығ.). Әне, сұлу аспанда тұр, Көк лентасы «кемпірқосақ». Себелейді жұпар жаңбыр, Жайқала бер, қызыл шашақ! (Қ.Аманжолов, Шығ.). Қорықтым, қорықсам да ішімнен иман айтып, сол үш шошақ найзадай моланың шеткісіне кіріп, жаңбырдан паналап, калима айтып отырдым (С.Сейфуллин, Шығ.).