Жаңбырлы

lat: Jańbyrly

сын есім. Жаңбыры қалың, жаңбыры көп.

Егер қыс қарлы, жаз жаңбырлы болса, «Үлкен айдындар» өңірінде бітік шыққан егіннен көз тұнатын (І.Есенберлин, Көлеңке.). Жаңбырлы түнде бұлт түйіліп түнереді (А.Тоқмағамбетов, Жыр күмбезі). Жаңбырлы қыркүйектің таңы алдында. Өзеннің қара пардай қабығында, Көп күткен арманының жұлдызындай Анамның жарқ етіппін жанарында (С.Мәуленов, Алыс кет.). Қысы қарлы, жазы жаңбырлы өтіп, табиғатына да өзгеше бір қызғылықты рең беруші еді (А.Сейдімбеков, Ақиық). Село көшелеріндегі бұлт, тұман басқан жаңбырлы түнде айналаны күңгірт қана көрсеткен шамдар үп десең, өше салайын деп тұрғандай (Р.Райымқұлов, Бұрылыс.).