Жаңбырша

lat: Jańbyrsha

үстеу. Жаңбыр секілді, үдей, екпіндей, қарқындай.

Жаңбырша себелеген шеше сөзінің кейбір тамшылары көңіліне қонып, миына сіңіпті (С.Сарғасқаев, Тәмпішқара). Жаудың оғы жаңбырша жауды (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Біз қайтадан жоғары көтерілдік те, жаяу әскерлерге пулемет оғын жаңбырша жаудырдық (Т.Бигелдинов, Аспандағы айқас). Желге ұшыраған дән тамшылары шүпірлеп барып жердегі астықтың үстіне жаңбырша төгіледі (Б.Нұржекеев, Шығ.).