Жап

lat: Jap

зат есім. кәсіби сөз. Егістікке су жіберу үшін екі жиегіне топырақ үйіп жасайтын жіңішке арық.

Сосын ізгілік ағай біздің арық, жап, атыздарымызды зер сала қарап шықты (Ө.Қанахин, Өз ақылымен). Тоғандап егін салды жазғытұрым, Ағызып арық, жаппен сайдың суын, Артынан суарғанның шуақ болып, Көп егін тартып алды күннің нұрын (О.Шипин, Дастан.). Қазылған жетпіс жап бар ордасында, Бау-бақша еккен миуа ол басында (Т.Ізтілеуов, Шығ.). Сонсоң ол жаптың ішіндегі салқын суда тұрған қауаққа ұмтылады, онда быжылдап ашыған көже бар (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).