АҚПАРАТ

lat: AQPARAT

(лат. Infоrmаtіо - түсіндіру, баяндау, хабардар ету) - 1945 ж. жапон ғалымы Е.Масуда енгізген термин. 1) істің жағдайы қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру; 2) XX ғ-дың ортасынан бастап адам мен адам, адам мен автомат, автомат пен автомат арасындағы деректер алмасуды, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы сигналдар алмасуды, тұқымқуалаушылықтың белгісін бір клеткадан басқа бір клеткаға, бір ағзадан екінші бір ағзаға жеткізуді қамтитын жалпы ғылыми ұғым; 3) кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ақпарат үздіксіз (аналогты), не үзілісті (дискретті) болуы мүмкін. Ақпаратты жеткізу, қабылдау, түрлендіру және сақтаудың жалпы мәселелерімен ақпарат теориясы айналысады. Ақпаратты зерттеуде математикалық статистика әдістері де қолданылады.