БӘСЕКЕ

lat: BÁSEKE

Тауар өндірушілер не оны өткізушілер арасындағы көбірек пайда табу жолындағы сайыс. Бәсеке өнім мөлшерін молайтуға, оның сапасын жоғарылатуға, тауар құнының төмендеуіне әсер етеді. Тауар өндірушілер тұрғысынан қарағанда бәсекенің негізгі мақсаты өз өнімдерін молайту арқылы капитал жинау, баю, өз бәсекелестерінен басым түсу. Осы мақсатқа жету жолында әділ не әділетсіз бәсеке түрлері кездесуі мүмкін. Бәсекенің соңғы түрінде тауар өндірушілер демпинг, бойкот саясатын, бәсекелестерін шикізат пен көлікті пайдаланудан тыс қалдыру, тіпті бұлдіргілік, зияңкестік жасау әрекеттері сияқты сан алуан әдістерді қолданады. Бәсекелестіктің бұл түрі тауар өнімінің бір қолға шоғырланып, монополиялық пайда табу мақсатын көздеу саясатында жиі кездеседі. Сондықтан, экономикада мұндай келеңсіздіктердің орын алмауы үшін монополияны тежейтін мемлекеттік органдар арнайы шаралар қарастырып, тиімді бәсекелестікті өрістетуге қолайлы жағдай туғызады. Нарық жағдайында қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен реттеліп отырады. Бәсекенің бірнеше түрлері бар. Оның ең бастысы бағаны орнықтырып, өнімнің сапасын жақсартуға бағытталады.