ҚАЖЕТТІЛІК

lat: QAJETTİLİK

жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мұқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі козғаушысы. Қажеттілік субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-кұлықтан көрініс табады. Қажеттілік іс-әрекет талабына сәйкес еңбек етуге, танып білуге, қарым-қатынас жасауға қажеттілік, объектісіне карай: материалдық және рухани қажеттілік, субъектісіне қарай: жеке бастық, топтық, ұжымдық қоғамдық қажеттілік болып бөлінеді. Қажеттіліктің барлық түрлеріне ортақ сипат олардың жалпы адам қызметіне және ішінара қоғамдық өндіріске тәуелділігі. Қажеттілік пен тіршілік етудің (ішінара өндірудің) сыртқы шарттары мынада: ол белсенділіктің қозғаушы күші ретінде тіршілік ету жағдайларына ықпал жасайды. Сөйтіп, оның өзіндік ерекшелігін айқындайды, қызметтің белгілі бір тәсілдерін ынталандырады. Экономикалық қажеттілік өндірістік қатынастардан жанама түрде туындайды. Бұл жүйеге, ең алдымен, заттай қажеттілік (материалдық және рухани қажеттілік) кіреді: тамақ өнімдеріне, киім-кешекке, газет-журналдарға, кітаптарға, т.б.