ҚҰНДЫЛЫҚ

lat: QUNDYLYQ

танымның, белгілі бір объектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Құндылық философиялық-әлеуметтанулық ұғым. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын айқындайды. Құндылыққа ешқандай күмән келтіруге болмайды, ол барлық адамдар үшін идеал, эталон қызметін атқарады. Құндылық қоғамдық-саяси, рухани жағымды түрде көрініс табуы мүмкін. Қазіргі кезеңде ұлттық, таптық, топтық құндылықтарға қарағанда, жалпы адамзаттық құндылықтар приоритетті (өмір сүру құқы, еңбек ету, білім алу, тендік, еркіндік, меншік, балаларға деген махаббат, үлкендерді сыйлау, жақыныңа жаның ашу, Отансүйгіштік, кәсіпкерлік, қауіпсіздік, адалдық, т.б.) маңызға ие болып отыр.