КӨШЕ

lat: KÓSHE

(пар. куче كوچه) қатарласа тізілген үйлердің арасындағы жер, көше.

Жігітті қыздар бұрын көрген екен, Көшемізде екі кәріп жүрген екен («Бозжігіт». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).

Өкіметтер мәслихат қып тарайтын, Бір көшеде кең мекеме бар еді («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).

Мас болып ішкен заман қызуланып, Кетуге көшеменен ұрды қадам («Хикая Әбушаһыма». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).