Дағды

lat: Daǵdy

Ұзақ уақыт қайталаудың нәтижесінде машықтанатын іс қимылдар. Дағдының физиологиялық механизмі серпінді стереотип . Жануарларда дағды саналы емес. Ол қоршаған ортаға бейімделу, ыңғайлану барысында қалыптасады. Психологиялық механизмі жағынан дағды сол сияқты адамда да пайда болады. Ол жағдайдың нақта ерекшеліктеріне сай машықтанған іс қимылдар. Дағдының кей біреулері іс жүзінде бағалы болғанымен, оларда ұғыну әзірше мүмкін болмай отыр, оқытудың қазіргі формалары арқылы басқа адамды оған үйрету қиын. Дағдының ең жоғарғы формасы адамның бойында болатын, өз компоненттері алдын ала білінентін, ойланып бөлшектенетін және дағдының қалыптасуының обьективті жағдайының талдап қорытылған ерекшеліктеріне сай келетін жүйелерге бірігуі. Мұндай жағдайда адам дағдыны машықтану мен қолдану процесінде өз іс- қимылдарына саналы түрде бақылау жасау мүмкідігін сақтайды және қажет болған жағдайда оларды біршама оңай өзгерте алады. Дағдыға барлық қызмет түрлері, сыртқы сондай-ақ ішкі қимыл қарекет қосылады. Дағды адамның шығармашылық қызметінің қорытындысы ғана емес, сондай ақ шарты болып табылады.