Даралық

lat: Daralyq

Дербес қызмет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара формасы. Жеке адам мәні жағынан әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады. Даралық индивидтің өзіндік дүниесін, оның ерекше өмір жолын бейнелейді, оның өмір жолы мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады, ал тегі, құрылымы және формасы жағынан дара сипатта болады.  Даралық мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи талаптардың, туа біткен ерекшеліктердің маңызды рөлін даралық дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз адам өмірінің көрінісі. Даралық адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе бұл жүйе адам қасиеттерінің жалпы, типтің, жалпы адамзатқа тән табиғи және әлеуметтік белгілер, ерекше, нақты тарихи, формациялық, және жалқы, қайталанбайтын дене бітімі және рухани психикалық сипаттамалар, қасиеттерінің диалект, өзара іс- қимыл процесінде қалыптасады. Адам қызметінің тарихи дамуына қарай өзінің әртүрлі өмір салаларындағы қатынастарының даралануы барған сайын дами береді. Даралықтың асқан қымбат екендігін атап көрсетеді, оның дамуы адамзат дамуының прогресі үшін қажетті шарттардың бірі ретінде маңызды роль атқарады. Жеке адамды дараландыру мен жетілдіру қоғамды өзгертумен, жаттанудың жойылуы мен индивидуализмге қарсы күреспен және қанаудан азат адамдардың ынтымақтастығы мен өзара көмегіне жағдай жасаумен тығыз байланысты.