Дао

lat: Dao

Қытай классикалық философиясының аса маңызды категорияларының бірі. Бастапқыда дао «жол» , «соқпақ» дегенді білдіреді. Кейіннен дао ұғымы философияда табиғиттың жолын, оның заңдылықтарын белгілеу үшін қолданылды. Сонымен бірге дао адамның өмір жолы мағынасына да ие болып, «этикалық норма» ( дао-дэ) ұғымына айналды. Ойлауда дао «логика», «себеп», «дәлел» деген сөз(дао-ли). Дао ұғымының мазмұны қытай философиясының дамуымен бірге өзгерді. Материалист философтарда (Лао-цзы, Сюнцзы, Ван Чун т.б) дао заттардың табиғи жолы, олардың заңдылығы ретінде қарастырылады. Идеалистерде дао «идеалды негіз», « ақиқат болиыстың жоқтығы» (Ван Би және т.б.) , « құдай жолы» ретінде (Дун Чжуншу және т.б.) түсіндіріледі.