Жан

lat: Jan

Кейде психика терминінің синонимі ретінде қолданылатын сөз. Бұл ұғым философия тарихында, идеализмде ерекше биматериалдық субстанциямен барабарландырылған, адамның ішкі жан дүниесі туралы көзқарасты білдіреді. Алғашқы адамдардың түсінігінде Жан материалдық бірдеме сияқты ұғым берді. Дінде жан өз бетінше, денеден тәуелсіз, о дүниеде тіршілік ететін денесіз бірдеме, мәңгі өлмейтін биматериалдық күш деп ұғындырылды. Идеалистік философияда жан Сананың әрқилы элементтерімен барабарландырылды. Платон философиясында бұл мәңгілік идея, Гегельде материямен байланысын білдіретін рухтың төменгі, сезім-түйсіктің көрінісі. Дуалистік ілімдерде жан денемен қатарласа өмір сүретін, бастапқы бірдеме ретінде қаралады. Декарт, Спенсер, Вундт, Джемс. Материализмде жан Денеге тәуелді, екінші туынды нәрсе ретінде қаралса да, сонымен қатар психикалық іс-әрекет мех. Жүйе физикалық -химиялық процестермен теңестірілген. Ал, кейбір жекелеген философ-материалистер дүние заттарының жалпы бәрінде де болатындығы туралы ұйғарым жасаған. Қазіргі жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, Жан туралы ғылымға жат, идеалистік түсініктердің жалғандығын әшкерелей алатын, адам психикасы туралы шынайы ғылыми тұжырым жасалуда.