Заң

lat: Zań

Құбылыстардың жүйелі түрде өзгертуіне себепші болатын оның ішкі,мәнді және тұрақты байланысы.Заңды білу негізінде процесс барысын дұрыс болжауға болады. Заң ұғымы жүйенің озгерістеріндегі тұрақты танденцияны немесе бағдарды қамтамасыз ететін мазмұны жағынан өзара байланысқан. Заң ұғымы заңдар жиынтығы болып табылатын заңдылық ұғымына жақын.Сонымен бірге заң мәннің бір қырын білдіреді,мәнді теорияда тану эмпирикалық деректерден зерттеп отырған процестердің заңдарын тұжырымдауға көшумен сәйкес келеді. Заң дегеніміз-мәнді нәрсенің универсум қозғалысында бейнеленуі. Заңның объективтік дүниедегі типтері өте көп. Заңдардың бірі объективті қасиеттерінің арасындағы өзара функционалдық байланысты (мысалы, масса мен энергияның өзара байланысының заңы) басқалары-кең көлемді системалардағы материалдық объектілердің араларындағы өзара байланысты (мысалы, электромагниттік және гравитациялық өзара әрекет заңын )системалар арасындағы немесе системалардың даму барысындағы әртүрлі күй жайлары мен кезеңдерінің өзара байланысын (мысалы, антропияның өрбу заңы, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өту заңы т.б.)көрсетеді. Сонымен қатар заңдар жалпылық дәрежесі мен әрекет ету аясы бойынша ажыратылады. Жекелеген немесе ерекше заңдар денелердің нақты физикалық, химиялық немес биологиялық қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсетеді. Жалпы заң материяның универсалды қасиеттері мен атрибуттарының арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Олар материяның барлықбелгілі құрылымдық деңшейлеріндебайқалады және басқа ғылымдардыңжетістіктерін қорыту негізінде диалектикалық негізде зерттеледі. Дүниедегі барлық құбылыстар белгілі бір заңға бағынады, яғни бәрі де обьективтік заңда шартталған Себептердің әртүрлі формалары мен заңы бар. егер жүйенің алдыңғы күй жайлары,оның кейінгі күй жайларын алдын ала анықтайтын болса, онда мұндай жүйенің өзгеруі бірыңғай себептерге, динамикалық заңға бағынады. Егер күрделі жүйедегі алдыңғы күй жайлар кейінгі күй жайларды бірыңғай анықтамаса, онда мұндай жүйенің өзгеруі ықтималды статистикалық заңға бағынады. Табиғаттағы заңдар материалдық денелердің обьективті өзара әрекеті нәтижесінде, санының қатысынсыз іске асады. Қоғамда барлық әлеуметтік заңдар адамдардың саналы әс-әрекетінің субьективтік факторының арқасында іске асады. Заңның іске асуы қажетті жағдайлардың болу, болмауына тәуелді. Жағдайлар жасау заңды туындайтын салдардың мүмкіндік аясынан шындық аясына өтуін қамтамасыз етеді. Бұл жерде адамдар заңды жасамайды, тек өздерінің қажеттіктері мен мүдделеріне сәйкес заң қолдану аясын шектейді немесе кеңейтеді. Ал заң заттардыі қасиеттерінің немесе дамудың әртүрлі тенденцияларының қажетті мәнді, ішкі қатынастарының көрінісі ретінде адамдардың санасынан тыс, обьективті болады.