Иог

lat: Iog

(санск. қосылу) нндуистік діни философиялық ілім, негізін Патанджали (б. з. б. немесе б. э. I ғ. ш.) қалады деп есептеледі; Индуизмнің негізгі қағидаларын қостай отырып, Иог жеке жанның құдаймен сабақтастығының басты жолы адамды қоршаған реалды дүние жоғалып кететін мистикалық экстазбен толық транстық жайға әкелетін жаттығулар жүйесі деп саналды. Бұл жаттығулардың тамыры көне заманда жатыр, ол дәуірде мұндай тәсілдер табиғаттан тыс күштерді игеруге немесе көмектеседі деп саналған болатын жүйеге келтіріп, өзінің «Иог сутрасында» баяндап берді. Иогтың төмепгі сатысы хатха Иог (реалды шындықтан мүлдем қол үзуге апаратын психикалық жаттығулар жүйесі) радка Иогке өтуге мүмкіндік беретін адам тәнін билеуге багытталған физикалық тәсілдер. Иог көмегімен заттарды тым кішкентай және көрінбейтін етуге не керемет үлкен көлемге ұлғайтуға, өз еркімеп ойнаған жерге орын ауыстыруға, мыңдаған км жердегі заттарды «көруге», не бөтен біреудің ойын оқуға, өткенді және болашақты болжауға, өлгендермен әңгімелесуге болады деген ұғым бар. Иог жаттығулары Үндістанның көптеген діндеріне (оның ішінде буддизмге) «аман қалу» жолдарының бірі ретінде енген. Хатха Иог ауру атаулыны емдейтін және организм саулығын жақсартатын бесаспап тәсіл деп уағыздалады. Бұл арада олардың кейбірінің (мысалы, дем алу методикасы) қазіргі емдеу әдісі-тәсілдерінде белгілі орын алғанын айта кету керек.