Мақсат

lat: Maqsat

Белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-сападағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс-қимылды бағыттап, реттеп отырады. Адам өз ерік-жігерін бағындыратын ішкі заң есебіндегі практикаға өзек болады. Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы диалект, қарым-қатынас көрініс табады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «Мақсат» терминімен ғылымда кері байланыс (мақсатқа лайықтылық) жолымен қол жеткізетін жүйенің жалпы күй-жайы белгіленеді.