Мен

lat: Men

адамның шығармашылық қабілетін тереңнен қозғап, мәнін айқындайтын философиялық категория. “Мен субьектінің таным процесіндегі белсенділігін көрсетеді. Сондықтан оны сезіммен, қоршаған ортаны қабылдап танумен байланыстыра анықтау батыс психология теорияларында басты орын алады. Шындығында “Мен - текөзін-өзі тану” деген ұғыммен ғана шектелмей, сыртқы қатынастардан өзін бөліп, сол арқылы өзіне өзгелердің көзімен қарай білуді білдіреді. Адамның іс-әрекеттік байланыстары әркімнің психикасында, ең алдымен, субъективті рефлексияға айналады. Осы рефлексияның субъективтік бейнесі “Мен болып табылады. Жаңа дәуірдегі философия тарихында “Мен туралы мәселе айрықша орын алып, рационалистік философияның негізгі ұстанымына айналды. Оған алғаш мән берген француз философы Р.Декарт еді. Оның пікірі бойынша, танымды іске асыратын субъект жеке адам яғниМен”. Әрбір “Менүшін ешбір шүбә туғызбайтын қағида:Мен ойлаймын, ендеше мен бармын” (Р.Декарт). Ол ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Декарттан кейін “Мен ұғымын күрделі құбылыс ретінде ашып көрсеткен неміс классикалық философиясы. И.Кант транценденталды субъект ұғымын “Мен ұғымымен ұштастырады. И.Г. Фихте “Мен танымның (ғылымның) шеңберіндегі абсолютті бастау, өйткені білімнің болу мүмкіндігінің өзіМеннің белсенді, өзін-өзі жасау қызметіне негізделеді” деді. “Меннің” ұдайы әрекеттік болмысынан “Мен емес” дүниесі туындайды. Фихте абсолют “Менніңөзіне-өзі тең, сәйкес келетінін дәлелдеп, өзіндік ішкі дамуы бар екенін айқындады. Абсолют “Менніңкелесі даму кезеңі, яғниМеннің” “МенгежәнеМен емеске” тең дейтін принципі таным процесінің негізгі мәнін жан-жақты, толығырақ ашты. Өйткені екі принциптің бірі теория, екіншісі тәжірибелік танымды көрсетсе, үшінші принцип олардың өзара байланысын диалектті негізде ашты, сондай-ақ адамдардың тәжірибелік қызметін айқындауға мүмкіндік берді. Неміс классикалық философиясында осы ойды жалғастырып, әрі қарай дамытқан Ф.Шеллинг пен Г.Гегель. Философия тарихында “Мен және “Мен еместің” мәнін ашу үлкен шығармалық мәнге ие болды. Осы принцип арқылы Шеллинг табиғаттың диалектті мәнін ашса, Гегель қоғамның пайда болуы мен дамуын терең зерттей отырып, теория ойлау процесінің мәнін ашты. Гегель “Мен және “Мен еместің” диалектті мәніне сүйеніп, таным теориясын дамытумен ғана шектелген жоқ. Ол адамның теория және тәжірибелік даму процесі сананы, өзіндік сананы жетілдіретінін, ал олардың тарихи, қоғамдық даму процесі рухқа әкелетіндігін терең филосия оймен көрсетті.