Ми

lat:

нерв жүйесінің орталық бөлімі, оған бас миы және жұлын жатады. Бас миыньң жоғарғы бөлімдері хайуанаттар мен адамның психикалық өмірімен тығыз байланысты, басқару органы, яғни түрлі органдардың қызметін өзара үйлестіруші және организмнің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын психиканың көмегімен реттеуші роль атқарады. Философия тарихының және адам жайлы ғылымдар тарихының барысында адам психикасының сапасының табиғаты жайлы мәселе төңірегіндегі материалистік және идеалистік бағыттардың арасында күрес жүріп келеді. Орталық нерв жүйесінің және әcipece бас миының құрылысы мен қызметін зерттеуде жаратылыстанудың қол жеткен табыстары бұл мәселеде материалистік бағыттың жеңісіне көмектесті. Адам мен хайуанаттардың психикалық қызметінің рефлекстік табиғатын дәлелдеп берген Сеченов пен П. Павловтың идеялары мен еңбектері ерекше үлкен роль атқарды. Адамда хайуандармен ортақ шындықты бейнелейтін 6iрінші сигнал жүйесімен қатар, деп дәлелдеді олар, сөздік абстрактылы ойлаумен байланысты, eкінші , тілдік сигнал жүйесі қалыптасты. Егер хайуанаттар тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа инстинкт түрінде берілсе. адамда тарихи қалыптасқан қызмет түрлерін меңгеру адамның жеке басының даму процесінде жүзеге асады. Сондықтан тілдік және музыкалық есту қабілеттері, абстрактылы ойлауға қабілеттілік және т. б. сияқты арнаулы адамдық қабілеттер мидың морфологиялық құрылысының емес, негізінен салыстырмалы тұрақтылық тән нейродинамикалық құрылысының қызметi болып табылады. Адамның психикалық қызметінің прогpeci хайуанаттардағы сияқты мидың морфол. Эволюциясымен байланысты емес, адам тәжірибесінің, оны есте сақтаудың, берудің және өңдеудің , тіпті адамның ақыл-ой еңбегін жеңілдететін және творчестволық мүмкіндігін арттыратын автоматтар жасауға дейiнгі формаларының дамуымен байланысты. Бас миының қызметін кибернетикалық тұрғыдан зерттеудің арқасында ол жоғары нерв қызметi физиологиясы мен электрофизиологияның классикалық тәсілінен басқа модельдеу тәсілімен де (Кибернетикамен) толықты.