өлшем

lat: ólshem

Тиісті өлшеуіш аспаптардың көмегімен ғылыми зерттеуді эмперикалық деңгейде іске асыратын, материалдық объектілердің сипаттамалырын (салмағы, ұзындығы, нүктелік шамасы, жылдамдығы т.б.) анықтайтын танымдық рәсім. Өлшем сайып келген де, үлгі ретінде қабылданған белгілі бір біртекті шаманы өлшенетін шамамен салыстыру болып табылады. Өлшем біздің біліміміздің дәлелдік дәрежесін арттырады. Позитивистер микроқұбылыстарды зерттеу барысында өлшемнің арта түскен рөлін таразылай отырып, оны объектіні субъектінің «дайындау» деп таниды немесе физикалық ұғымдардың мазмұнын өлшеудің жекелеген операцияларынан апарып қосады.