Ру

lat:

қаны бір, туыстық байланыстармен топтасқан алғашқы қауым-алғашқы қауымның экономикалық қатынасының барысында қалыптасқан адамдар бірлестігінің түрі. Соңғы зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, рулық бірлестік ретінде емес, әртүрлі қауымда өмір сүрген туыс-тумаластардың тобына ұқсайды. Рулық қауымдардың кіндігі іспеттес, олардың мүшелерін тұтас бір топқа шоғырландырды, үйлену отбасылық қатынастарды реттеу, бірлесе тәрбиелеу мен балаларды асырау арқылы еңбек пен әлеуметтік қатынасқа жарамды ұрпақтардың көбеюіне қамтамасыз етті. Рулық қатынастар әдетте қауым мүшелерінің әлеум.байланысының түріне жатты, табыну әрекеттерінде, өндірісте, бөлісуде және т.б. анықтаушы роль атқарды, қауымның салт-дәстүрін басқаруда рулық ерекшеліктерді сақтайды. Ру мен рулық қауымның арақатынасынан рулық құрылысты анықтайтын әлеуметтік құрылым қалыптасты, мұнда жерге қоғамдық меншік үстемдік етті, мүліктей және әлеум.бөлісу болмады, қоғамдық істерге қатысу ересектерінің хұқығы мен борышы болып табылады. Алғашқы қауымдық құрылыстың дамуына байланысты біртіндеп рудың саны көбейді, олар фратрияға бірікті, фратериядан тайпалар, тайпалардан тайпалар одағы құрылды. Өндіргіш күштердің прогресі, қауымдар мен отбасылар арасындағы товарлы-ақша қатынастардың дамуы рудың ыдырауына әкеліп соқты. Оның ролі таптық қоғам өмірінде кеміді.