Таңба

lat: Tańba

Танымды басқа нәрсенің, оқиғаның, әрекеттің, субъективтік құрылымның нұсқауы белгіленуі немесе өкілі рөлін атқаратын материалдық сезім арқылы қабылданатын оқиға немесе әрекет. Таңба ұғымын талдау философияда, логикада, лингыистикада, психологияда т.с.с маңызды орын алады. Таңбаның гносеол. қызметін қарастыруға ежелгі философтар (Платон, Аристотель, стоиктер), 17-18 ғ. Ойшылдары (Локк, Кондильяк) көп көңіл бөлді. 19 ғасырдағы лингвистика мен математика логика таңбаны зерттеуде біршама жаңалықтар енгізді. 20 ғасырда таңба туралы жеке ғылым- семиотика қалыптасады. Таңба табиғатын ұғыну үшін таңба қолданылып отырған ерекше әлеуметтік ахуалдардытаңбалық» деп аталатын) бөліп қарастырудың маңызы зор. Мұндай ахуалдар сөйлеу мен ойлаудың қалыптасуымен тығыз байланыста болады. Таңба тілдік және тілдік емес болып бөлінеді: соңғылар өз кезінде таңба көшірмелер, таңба белгілер, таңба дабылдар, және т.с.с. бөлінеді. Таңбаның ақпар жеткізу процесімен байланысының маңызы үлкен . Таңба анықтамасынан оның маңызды қасиеті келіп шығады: белгілі бір материалдық объект бола тұрып, таңба басқа нәрсені белгілеу үшін қызмет етеді; сол себепті таңбаны түсіну оның заттық (белгіленіп отырған объект) және де мағыналық (белгіленген объектінің бейнесі) әрі тәжірибелік (оның көмегімен білдірген сезімдер т.с.с.) маңызын айқындамайынша мүмкін емес (маңыз бен мағына). Семиотикада таңбалардың бір-біріне қатынасын (синтаксис), таңбалардың өздері белгіленген нәрселерге қатынасын (семантика) және таңбаны қолданушының өзі пайдаланып отырған таңбалар жүйесіне қатынасын (прагматика) ажыратады. Таңба теориясын жасау үшін матем. логика мен математика аясында жүргізілетін формальдандырылған таңбалық жүйелерді зерттеудің маңызды зор. Осы бағыттарды жүргізіліп жатқан қарқынды зерттеулерге қарамастан, жинақталып, қорытылған таңбалар концепциясын жасау ісі бүгінгі күнге дейін аяқталған жоқ. Оның себебі мынада: Таңба күрделі құрылымды объектіге жатады, оларды зерттеу тәсілдері әлі де қажетті дәрежеде жетілмеген. Таңбаның синтезделген теориясын жасау үшін көптеген таңбалық жүйелерді, бірінші кезекте табиғи тілдерді тудырып отырған қоғамдық өндірістік қызметтің құрылымы мен функцияларын тиянақты түрде талдау қажет. Таңбалық жүйелерді зерттеуге : 1) олармен жасалатын амалдарды анықтау; 2) Таңба мен адам қызметінің басқа элементтерінің арасында қалыптасқан байланыстарды суреттеу және бейнелеу; 3) осы байланыстардың арқасында таңбада пайда болатын қасиеттерді- функцияларды суреттеу кіреді. Таңба мәні осы компоненттердің бәріне ден қоюдың нәтижесінде шығады.