Алыс, қашық, қиыр, шет, шыған, қиян, ұзақ, шалғай, жырақ, аулақ, алшақ, қырым, шырқау, қиуа, керік

lat: Alys, qashyq, qıyr, shet, shyǵan, qıan, uzaq, shalǵaı, jyraq, aýlaq, alshaq, qyrym, shyrqaý, qıýa, kerik

Жақын аралықта болмай, аулақ тұрған.

Жолдасың жаман болса,

Алыс жүріп түн қатпа ақал).

Қалқайып өзім туған қара лашық,

Ұзаған сайын артта қалды қашық (Т. Жароков).

Республика орталығынан бастап қиырдағы ауылдарға дейін жаңа қоныс боп жатқан кез (Ғ.Мұстафин).

Бір қызбенен айтыстым Қадиша атты,

Атбасар Қараөткелде сонау шетте («Айтыс»).

Соның қасында қомақты шығаннан көзге түсетін алты қанат ақбоз үй тұр (Ғ.Сланов).

Ананың көзі де, көңілі де қияннан шалады ғой («Дала шұғыласы»).

Отырар қаласында да ұзаққа созылған жер асты жолы болған (Ә.Досжанов).

Алыс шалғайда жүрсем де, арманымдай оралып алдымда жүрдің (С. Сматаев).

Қала өмірінен жырақ кету деген ой Зылиханың басына келмеген еді (Н. Ғабдуллин).

Кеткенім әр кез жоламай,

Кеткемін аулақ, наныңдар!

Табыса қалар оп-оңай,

Қайсыбір жұртқа тақым бар (Н. Шакенов).

Тұрғанмен, ана,  алшақта,

Ұмытпайды ұлың парызды.

Көңілім менің сен жақта

Компастың тілі тәрізді (Қ.Мырзалиев).

Қырымнан қылт еткенде қыран көзін,

Сезеді кім болса да келе жатқан (Жамбыл).

Бір пәлеге жолықтың шырқау барып,

Ала жаздай көгалды бір көрмедің,

Сары жұртқа қондың ба ipгe аударып (Абай).

Алыстан сермеп,жүректі тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып, қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырғанбай).

Сонда қыстың қақаған ақ түтек боранында ит арқасы қиян соншама керік жерге мал азығы қалай жеткізілмек (С. Шаймерденов).