lat: Áshekeıleý, órnekteý, oıýlaý, mánerleý, naqystaý, naqyshtaý, oımyshtaý, bederleý, bezeý, sándeý, kórkemdeý, áspetteý, álemishteý, áıbattaý, zerleý
Түрлі-түсті өрнек салып безендіру, сәнін келтіріп көріктендіру.
Имам қалтасынан құмшпен әшекейленген сүйек шақшаны суырып алды (З.Шашкин).
Қолөнер жиһаздарынын ішінде өрнектеп тұрып салынған ши тоқушы қазақ әйелдері ерекше көзге түcеді («Қазақстан әйелдерi»).
Жана киізден істелген, оюлаған бес қанат ақ отау - ұзатылатын қыздың үйi (М. Әуезов).
Заттарды қажетке жаратумен қатар мәнерлеу, оюлау, бедерлеп әдемілеу сияқты эстетикалық сезім де дамыды (С. Қасиманов).
Ақ сүйектен нақыстап, жез шегеш қаусырып қалай шебер қақты екен? (Ж. Сыздыкқов).
Біз ұстамыз - темірден өрнек өрген, нақыштаған болатты зер - бедермен (Қ.Бекхожин).
Сүйектен оймыштаған төсек ағаштың алдында кемпip отыр (С. Бегалин).
Жел қайраған қар беті, Орай-орай көп өрнек. Сонша қилы суретті қалай салған бедерлеп (Ғ.Орманов).
Алтынмен ішін безеген сырты күміс ақ отау. Келктірш түзеген арттыруға сайланды (Қобыланды батыр).
Ақ мәрмәр тастан оюлап сәндеген аппақ орданың алдыңда айбалта ұстаған сақшылар әрлі-берлі сенделіп жүр (О. Сәрсенбаев).
Көркемдеп көргенше де жеткізе алмай, кейде бір қиналады жана арманда (З.Шүкіров).
Саулетті қала, зәулім үй, өсті білім, ой-сана, көк тіреген көп үйлер әспеттелген астана (А. Тоқмағамбетов).
Оюмен әлпіштеп отауларды торлаған туырлығын неше қабат (И. Байзақов).
Қалалық кітапханадағы әйбаттап салған залы, адам кернеген сайын алқынатын секілді (Ғ.Қайырбеқов).
Yшеyi де етек жеңдерін зерлеп тастаған қынама бел қамзол киген ( Ә. Қанахин).