lat: Daýlasý, talasý, tartysý, aıtysý, urysý, kerisý, kerildesý, salǵylasý, shólkemdesý, qyrqysý, qyrylysý, silkilesý, qarsylasý, tájikelesý, shataqtasý, janjaldasý, shańqyldasý, qarjasý, ekilesý
Бір мәселе жайында біреумен бірey сөзге келу, ерегісу, байланысу.
Бірi кейтке таласып, бірi арам қып, төбелескен дауласқан жанжал кepic (Абай).
Ау- данды Жаппасбай аулына кетipy туралы меселе қаралғанда олар жік болып таласады (Б. Майлин).
Іргелі елмен тартысу қарашыға қайткенмен оңай жұмыс бола алмады (И. Байзақов).
Айтысқан соң дау емес пе, Алысқан соң жау емес пе? (Мақал).
Құдайберген Оңалбайды жақтырмай қалды, Кұралайға да ұрысқысы келді (Ж. Жұмаханов).
Жаппасбаймен кepicіп қызметке бармай қойғаннан кейін Қоспан мүлде өзгеріп кетті (Т. Ахтанов).
Бәйгеге арнайы белген адамдар өзара біраз керілдесіп отырып, ақыры бір шешімге келді (С. Жүнісов).
Тайлақ екеуміздің ecтіп шәлкемдесіп қалатынымыз болады кейде (А. Хангелдин).
Патша үкіметінің көздеген мақсаты бір халық бұқарасын өзара араздастыруға, қырқыстыруға тырысып бақты (А. Нұрқанов).
Берi де қарта Құмар екен, кеше өзді-өзі бірiн-бірi ұтып, қырылысып қала жаздады (С. Шәріпов).
Айшаны тұтқынға алды, бұдан кейін Әлиге Мағауиямен сілкілесуге тура келді (М. Тоқжігітов).
Сізбен көп сөйлесіп, салғыласып отыруға уақытымыз жоқ (М. Ғабдуллин).
Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген қорлық артық (Б. Момышұлы).
Баламен тағы да біраз тәжікелесіп, ақырына келгенде, жөн сөзге көштік-ау! (С. Жүнісов).
Қасымбай інің неғып Жасұзақпен шатақтасып, шатысып жұр (Ғ.Сармұрзин).
Үйде Сәлім екеуін біреулер ажыратып apaғa түсті (Б. Қожабеков).
Атам заманғы аласасын даулап, шаңқылдасып кетті (Ә.Досжанов).
Сөйлеген соң қаржасып. Сөзбен мен де сулаттым, болмаса да ол жасық. Бір жігітті жылаттым (М. Әлімбаев).
Екі жақ eкілecmi бетпе-бет кеп, Қанға қан, жанға жан да, кекке кек деп (I. Мәмбетов).