lat: Jyndy, esalań, esýas, naqurys, delquly, máńgúrt, mıǵula, esersoq, jarymes, kelesaý, qoıanshyq, esirik, maqaýpes, májnún, áýmeser, áýleki, jyndykesh, móńgi, aýysh jerg., áńki kóne, báńgi kóne, dándúris kitab., dánekús sóıl., eki esti
Ақылынан адасқан, есі дұрыс емес, жындысүрей.
Болган соң уәделі күні жаңбыр жауды, судан ішкен жынды боп, ақылы ауды (Абай).
Сол уақытта есалаң кісі секілді не ғып, не қойғанымызды да аңғармайтын едік (С. Торайғыров).
Көржерге ақша шашатын мені есуас деп отырсың ба? (С. Мүқанов).
Жынды ма, нақұрыс па, таз ба, соқыр ма оны да білмейсің (С. Жүнісов).
Сол бір өткен жолдары есіне түссе болғаны, Кенжебек делқұлы жандай есеңгіреп, әлсіреп сала беретін (Р. Райымқұлов).
Әйел еркекті бақытты етемін десе де, мәңгүрт, миғұла етемін десе де қолында, әйел баласы кісіні құр жібермейді (Д. Досжанов).
Кім бізге жасамақшы қоқан-лоқы, Біз мұндай көрмеп пе едік есерсоқты (Қ. Аманжолов).
Ақылды қасыңнан қорықпа, жарымес досыңнан қорық (Мақал).
Түзде отырып галстугін шешіп, қай табайлады, Біздің жерімізде мұндайларды келесау дейді (Р. Бердіғүлов).
Енді сөзді қысқартайық, сенің қояншық ұлыңа менде беретін қыз жоқ (Д. Исабеков).
Маңдайынан сыйпағанмен, есірік есіркегенді білмейді (Қ. Толыбаев).
Рәуіш пен Сары Ырысбекті мақаупеске есептеп, өздері орысша сөйлесіп, шаруаларын сөз қыла бастады (Ғ. Сланов).
Шын ғашықтық адамды мәжнүн қылады дейді гой, шырағым (Н. Серәлиев).
Өзі бір әумесер, әңгі адам ба деймін, - деп, қатты танданған Соломон да тайып тұрды (К. Тоқаев).
Алаңғасар әулекілердің айтқанына біз құл болмаймыз (С. Бегалин).
Жындыкеш болма, ақылыңа кел, сабыр сақтап, ата-анаңа ұят келтірме («Жүлдыз»),
Өз бетімен үйге келмей, басқа бір сиырға еріп жүре беретін мәңгі еді (3. Шашкин).
Ақсақалдың жалғыз ауыш баласы бар еді, жуырда қайтыс болды («Түсіндірме сөздік»).
Аңқау аңдамайды, әңгі тыңдамайды (Мақал).
Бес алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қиналмай, қызыл тілім, кел, тілді ал, қой (Абай).
Егер мені бір дәндүріске балап, жай әншейін мазақ еткісі келмесе, жаныма бір оралып соғуға тиіс (Ф. Дінисламов).
Ол желөкпе дәнекүске не керек? («Қаз. әдеб.»).
Момын жігіт пе десек, екі есті ме өзі («Лен. жас»).