lat: Kúshtilik, áldilik, álýettilik, qarýlylyq, qaırattylyq, myq- tylyq, balýandyq, dúmdilik, qajyrlylyq, jigerlilik, qýatty- lyq, qarymdylyq.
Күш-куаты молдық, кайрат-жігері жетерлік .
Әділ өзінің күштілігін , қайрат-жігерінің басымдығын көрсетуге тырыспады («Қаз. адеб.»).
Ғазиз әлділігін қылып, Ғайшаны тесегінің жанына келгенде белінен кұшақтап әкеліп жыққан (М. Әуезов).
Жұмақанның әлуеттілігінің арқасында суда тұрып қалған арбаны сүйреп шығардық (Ауызекі тіл).
Бip бригададағы тоғыз жігіт Диканың қарулылығына қайран қалды (С. Жүнісов).
Биіктігі өзімдей ғана төртбақ адамның қайраттылығына сүйсінемін (Ә. Сәрсенбаев).
Мықтылығымды көрсеткім кеп, тізгінді тартыңқырап ұстап, атты бүйірге қамшымен осып қалдым (Н. Ғабдуллин).
Бойына біткен балуандық, қара күш қана емес, адамдық күш-қасиеті де өзі тұстас жастардан озық болатын (Д. Әбілев).
Дүрліктіріп дүмділігін көрсете келмесе, мықты бола ма, қызталақ (Б. Әдетов).
Раушанның бұл жолы да көрсеткен қажырлылығына қатты риза болды (С. Сейітов).
Әбіштің жігерлігін жастар қолданса, оның қылған eңбегi босқа кетпегендігі (Ж. Арыстанов).
Алғашқы кезде сол қуаттылығы, сол қайраты жақсы-ақ еді (Қ.Мұханбетқалиев).
Тарбанның әкeci қырдағы шаруаларға көзін жалдамай, білегінің қарымдылығын танытқан деседі (Т. Әлімқұлов).