Жариялау

lat: Jarıalaý

Жарияла етістігінің қимыл атауы. 1. Баспаға беру, бастырту. Мен өзімнің қолжазбаларымды «Куба әсерлері» деген атпен жариялау ойымда бар (Б.Момышұлы, Шығ.). Соғыс жылдарда Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ауыз әдебиетінің жүз томдығын жариялау ісіне кірісті («Қаз.әдеб.»). 2. Мәлімдеу, табу. Сонымен қатар Республика Конституциясы Президентке заң жобасын қарауда басымдық беруді анықтауға, сондай-ақ заң жобасын жедел қажет деп жариялауға құқық береді («Егемен Қазақстан»).