Жариялаушы

lat: Jarıalaýshy

зат есім. 1. Жар салып таратушы, хабарлаушы. 2. Баспа бетіне шығарушы, бастырушы.

Россияның және шетелдердің талай өнерпаздары «Мың әнді» де, оны жинап, жариялаушыны да жоғары бағалады (С.Мұқанов, Есею жыл.). Жырды халық аузынан жазып алып жариялаушы, белгілі фольклоршы Жүсіпбек Шайхолисламұлы, 1927 жылы Жетісу жерінде оған жолыққан едім дейтін Мұхтар Әуезов (С.Мұқанов, Халық мұрасы).