КІТАП

lat: KİTAP

(ар. китаб كتاب)   

1. Хат, жолдау, арнау .

2. Баспадан түптеліп шығарылған шығарма мәтіндерінің жинағы.

Мұнымды бекер деген кітап қарар, Халқыма білгенімді айтсам жарар («Құдайым жексенбі күні жер жаратты». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Бұ кітапті оқыған, тыңлаған иә, әһлі жары, Тынышлық ұғылы деп қылғыл фатиханы («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Көп қарады ол молда кітаптарды, Теңіздерді өтуге хайла бар ма («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).

Кітаппан оқымысты.

Сиқыршы болған кітаппан, Шешесі мұның бар еді(«Қобыланды батыр». Бабалар сөзі. 38-том. 2006. 100 томдық).

Кутуб кітаптың көпше түрі, кітаптар .