Жарнамалау

lat: Jarnamalaý

Жарнамала етістігінің қимыл атауы; жарнама құралдары арқылы насихаттау. Сауда жасайтын ұйымдар мен өнеркәсіп орындары халықтық сұранымын зерттеу мен қажеттерін қалыптастыру жөніндегі қызмет жетілдіріп, ұтымды тұтыну негіздерін насихаттайтын болсын, тауарларды жарнамалау жақсартылсын (Қаз. лек. Жаңа қолданыстар). Бұл жағдайда маркетингтің міндеті қолайсыз тенденцияны тоқтату, тауарлардың сапасын жақсарту мен оны жарнамалау, жаңа нарықты іздеу және басқа да шешімдер қабылдау болып табылады (Б.Жүнісов, Нарық. экон. негізд.). Сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасы дәрілік заттардың сапасын бақылауды ұйымдастырудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді, иммунобиологиялық зерттеулерді жүргізу үшін зертханалар жоқ. Жалған дәрілік заттар жасау, фармаколаңкестік, дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды агрессиялық жарнамалау проблемасы өсе түсуде («Егемен Қазақстан»).