ҚАЛАМ

lat: QALAM

( қалам قلم)   

1. Cтиль, жазу түрі, қолтаңба (подчерк) (ар.).

2. Перо (ар.)

3. Жазу жазатын құрал (пар.).

Қолға алдым назым үшін дәуіт, қалам , Жаныма жәрдем берсін Хақ Тағалам («Қисса Құламерген». Бабалар сөзі. 52-том. 2008. 100 томдық).

Жазбаққа бір хикаят қалам алдым, Жәрдем ет, Хақ, тіліме, Қадір Алла («Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Сөзді қысқа қылайын хасыл кәлам, Кәлам ойлап алайын қолға қалам («Қисса Таһир Зүһра». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Қалам тұту қолына қалам алу, жазу.

Сөзіңе сөз қайтарып қалам тұттым, Өсегі көп болса да біздің жұрттың («Гүлкәшимә». Дастандар, 1960).

4. Ою-өрнек салуға арналған үшкір құрал (пар.).

5. Ағашты қырнайтан, жонатын құрал, жоңғыш. (пар.).

Қаламдап турау жұқалап турау.