ҚАЛАМПЫР

lat: QALAMPYR

(пар. каранфул كرنفل) хош иісті гүл.

Қалампыр, санжаби бәрі сонда, һәмма бәрін көрді де, болды қайран («Қисса Сейітбаттал». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

Қалампырлау хош иістендіру, әтір себу.

Олардың шашын алып, қалампырлап , Тәртіптеп жолға қою бар зейнеті («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).

Қалампырлы хош иісті.

Жұпар иіс қалампырлы қаптап кетті, Діләфруз сұлу екен жұмақ хордай («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).