Жас

lat: Jas

сын есім. 1. Жасөспірім, жеткіншек, қыз-бозбала. Қартайдық, қайғы ойладық, Ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман (Абай, Тол. жин.). Не қалайсыздар? деді біз отыра салысымызбен жетіп келген жас даяшы қыз (Д.Исабеков, Таңд.). // Жастар, жеткіншек, жасөспірім, жас ұрпақ. Жақсының той дегенде жаны күлер, Бағаңды жас білмесе, кәрі білер. Наурызың құтты болсын, нар ағалар, Наурызың құтты болсын, бар інілер (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 2. Уылжыған, балғын. «Есіл жазым өтті!» деп, «Бәйшешегім кетті деп, Санадан жүз сарғайып, Қасіреті мол жас зайып Қараңғы ұзын түндерде Үстіне қара жамылып, Күрсініп жылайды (М.Жұмабаев, Шығ.). // Жастық, балғын шақ. Жасты көксеп кемпір мен шал арманда, Өсіп үлкен бола алмай бала арманда, Еркектей еркін өмір сүрмедік деп, Әйелдер де болады және арманда (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 3. Тәжірибесіз, шыңдалмаған. Болмас бала құрысын, Болар бала жас болмас (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Жалынына темір балқып, илеуіне тас көнер, Хас шеберлер арасында болатын бір жас шебер. Ол туралы жұрт айтатын: «Өнерінің өрті бар», Тәңір қалай жарылқайын десе, әрине, еркі бар (М.Шаханов, Ғасырлар.). 4. Жасы кіші. Айдан анық, нақпаақ, жанына батыра сөйледі. Қазір мынау жас төренің Құнанбайды «Құнанбай» деп баттитып айтқаны, кектесін қақ басқа бір салғандай, Оразбайға жағып отыр (М.Әуезов, Шығ.). 5. Жаңа туған, кәрі емес (төл). Жетім қалса жас қозы Өкпеге қалмас шалдықпай. Ата-ана дәулет балаға Бейне бір алтын сандықтай (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). Естілмей үні бар маңда Құстар да естен танғанды, Ұқсайды жаулап алғанға, Жас төлдер мына жалғанды (М.Мақатаев, Шығ.). Көзіңді көл қылмашы, шалым, деді, Болып тұр сіздің жайың мәлім деді. Көзіңді жас күшіктей бір ашармын, Ажалдан аман болса жаным деді (К.Әзірбаев,Таңд. шығ.). 6. Жаңа көктеп шыққан, буыны қатпаған, қурамаған, сарғаймаған сімдік). Күміс нұрлы Ай. Жұлдыздар алмас, жібек жел. Сыбырласып жас қайыңдар бұраң бел (М.Жұмабаев, Шығ). Мұжыққа бір жас ағаш айтады сөз: «Құдайдан тілеуші едім келтір деп кез. Мың да бір алғыс саған берер едім Осы үлкен Ағаштардан құтқарсаң тез (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Желк-желк еткен ж а с шалғын, Суық желмен майысып. Селк-селк еткен болды күн, Көтермей белі қайысып (I.Жансүгіров, Шығ.). Жасыл терек, жас қайың Қандай әсем астана. Алмаларға қарады Қызық көріп жас бала (О.Шипин, Дастан.). Нән бөркімен милығын жаба киген, Бір ғаламат қарт көрдім жабағы үйден. Серіппесін серт ұстап, қазықбаулап, Солқылдаған жас талдан садақ иген (М.Мақатаев, Шығ.). 7. Кеппеген, қатпаған (тағам не басқа бір зат). Сен мына мүсіндерді күн көзіне қойып кептір, қазір алуға әлі жас екен (С.Бегалин, Бала Шоқан). Жас баладан биің болар, Жас балшықтан үйің болар. Ат жақсысы арбада болар, Жігіт жақсысы саудада болар, депті ғой өтеріндеасындағыларға). Сол айтқаныңның бәрі келген жоқ пе? (Ж.Аймауытов, Шығ.). 8. Жаңа піскен, әлі ыстық. Қала ғой, қара, олар қайда мұнда, Жоқ бүгін жас бауырсақ, қаймағың да. Астан соң қосылып бір күле ішетін Ойлайсын қызыл күрең шай қамын да (Ж.Жұматаев, Ләйлә). Жақсылап пісірген жас балыққа аңсары ауып кетті (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).