Жасампаз

lat: Jasampaz

сын есім. Еңбекте жаңа табыстарға жетіп, өз үлесін қосушы. Міржақып дәстүрінің жасампаз тағылымы кеңес дәуіріндегі С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Б.Майлин, С.Мұқанов шығармаларынан да көрінеді (“Қаз. әдеБ.”). Жастығың, сонда сенің жаңалығың, Жасампаз, жарылқаушы даналығың. Дәл сондай перзентіңнің біреуі еді, Сонау бір менің тәтті балалығым (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Жасық жайлы жасампаз ойға қалып, Жарар еді кетпесек майдаланып. Сары шымшық сан рет той бастады, Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып (М.Шаханов, Ғасырлар.). Майдандағы ұлы ерлік енді жасампаз еңбекпен ұштасты (Т.Кәкішев, Ұштасқан.).