Жасампаздық

lat: Jasampazdyq

зат есім. Еңбекте, өмірде жаңалық атаулыны қалыптастырушылық. Жастық жылдары, жасампаздық жылдары, біз әрдайым осыны ойлаймыз (Б.Бұлқышев, Адамзатқа хат). Бұл арман қуған адамды, жаңағы жаны құмарларды өз күшіне, өзінің жасампаздығына сендірген романтика еді (Ж.Арыстанов, Естен кетпес.). Желдің жасампаздық әрекетіне көбінесе құмнан тұратын эолдық шөгінділердің жиылуы жатады (К.Сапарбайұлы, Геология.). Атом энергиясы адамзат қоғамының күш-қуатын қаншалықты арттырса, ал электроника мен жартылай өткізгіш техникасы, математикалық машина ми қызметінің жасампаздығын немесе оның творчестволық ынта жігерін соншалықты күшейтті (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).